БҚО-да «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» әскери-патриоттық акциясы өтеді.
Бүгін акция аясында Орал қаласына ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы келді. Батысқазақстандықтар оларды теміржол вокзалында күтіп алды.
– Жаңа ғана өңірге ҚР Қорғаныс министрлігінің оркестрі, хоры және Жас ұлан сарбаздары, яғни ақпараттық-түсіндіру тобы келді. Алдағы күндері облыста өскелең ұрпақты, жастарды патриоттыққа баулу мақсатында кең көлемде шаралар ұйымдастырылады, - дейді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов.
Арнайы келген жеке құрам облыс орталығынан бөлек Бөрлі, Бәйтерек аудандарына да барады.
Айта өтейік, елімізде аталған акция ҚР Қарулы Күштерінің оң имиджін және әскери қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру және азаматтарды әскери-патриоттық, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатыр.
Гүлмира Сарсенғали
zhaikpress.kz