20.05.2020, 11:27
Оқылды: 2

БҚО-да ауруханаға жүгінген ауыл тұрғынынан коронавирус табылды

БҚО-да ауруханаға жүгінген ауыл тұрғынынан коронавирус анықталды.

B952C9E8-950D-4A9B-BB11-42D7717AD49F

Бұл туралы ҚазАқпарат сайтында жарияланды. БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, соңғы анықталған 10 науқастың төртеуі – Ресейде жұмыс істейтін Түркістан облысының тұрғындары. Олар Ресеймен шектесетін «Сырым» автоөткелінен өткеннен кейін денсаулықтарына шағымы болмағанмен, жедел жәрдеммен карантиндік стационарға жатқызылған. Бес адам – бұрын коронавируспен ауырғандармен байланыста болған облыс тұрғындары. Тағы бір адам – Сырым ауданының тұрғыны. Ол дене қызуының көтерілуіне байланысты аудандық аурухана қызметіне жүгінген. Дәрігер пациентті қабылдап, зертханалық сынама алған. Науқаспен қарым-қатынаста болғандар бақылауға алынды. Эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп, тұрғынның ауруды қайдан жұқтырғаны анықталу үстінде. Барша тұрғындар жеке гигиеналық талаптар мен карантиндік шектеу шараларын сақтауы керек. «Эпидтергеу қорытындысы бойынша ауданның карантинге қойылу-қойылмауы белгілі болады», деп хабарлады БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті. Облыста кезең-кезеңмен карантин шаралары жеңілдетіліп жатқанымен, індет қаупі сейілмей тұр. Күні бүгінге дейін барлығы 339 адам коронавирусқа шалдықса, соның 180-і жазылып шықты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған 4 науқастың ауыр халде екендігін жазған болатынбыз.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале