11.02.2021, 22:16
Оқылды: 24

БҚО-да автокөлік жолдары жабылды

«ҚазАвтоЖол» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мәліметі бойынша 2021 жылғы 11 ақпан 19 сағат 40 минутта ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) республикалық маңызы бар "Атырау-Орал" 492-375 шақырымда (Орал қаласынан Чапаево кентіне дейін) және Орал-Тасқала 4-104 шақырымда (Орал қаласынан РФ дейін) автожолда қозғалыс барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

бағ1

Сонымен бірге «ҚазАвтоЖол» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мәліметі бойынша 2021 жылғы 11 ақпан 20 сағат 30 минутта ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар Самара-Шымкент 393-526 шақырымда (Жымпиты кентінен Ақтөбе облысына дейін) автожолда қозғалыс барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале