13.02.2019, 15:15
Оқылды: 30

БҚО-да аз қамтылған отбасыларды қолдайтын жұмыс тобы құрылады

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов облыс әкімдігінде өткен жиында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету үшін арнайы жұмыс тобын құруды және көмекке мұқтаж облыс тұрғындарына қатысты жол картасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

 meirimdi koktem

- Мемлекет үнемі әлеуметтік жағдайы төмен әрі көп балалы отбасыларға қолдау көрсетіп келеді. Біздің қоғам оларды ешқашан шеттеткен емес. Өйткені, отбасы қоғамның жай ғана бір бөлігі емес, бүкіл мемлекеттің негізі. Сондықтан өңірімізде дәстүрлі «Мейірімді көктем» жобасын жүзеге асыруды ұсынып, барлығын белсенді қатысуға шақырамын, - деді облыс әкімі.

Аталмыш жоба көп балалы отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған. Жоба аясында ұйымдастыру орталығы құрылады. Бұдан бөлек облыста осы санаттағы адамдарға кеңес беру, әлеуметтік, құқықтық және материалдық көмек көрсетуге бағытталған мыңнан астам түрлі іс-шара өткізіледі.

- Біздің міндетіміз жүйелі түрде жекелей және әр отбасыға қолдау көрсету. Бұл әлеуметтік жәрдемақы, білім саласына қатысты сұрақтар, жұмыспен қамту, тұрғын үй және басқа да мәселелер, - деді А.Көлгінов.

Жиынға қатысқан кәсіпорын басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, азаматтық қоғам институттары жобаның іске асырылуына белсенді қатысуға дайын екендіктерін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале