Бүгін шаһардағы «Атамекен» өнер ордасында «Инклюзивті мемлекеттік саясат: азаматтық қоғамның үлесі» тақырыбында өңірлік ХІ Азаматтық форумы өтіп жатыр.
Әлеуметтік жобалардың құрылымын қайта қарау, ҮЕҰ-ды құру, қолдау және дамытудың жаңа тәжірибесін зерделейтін жиын «Қоғамға пайдалы бол» тақырыбындағы көрмемен ашылды.
Дәл қазір форумның пленарлық отырысы басталды. Оған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып отыр.
Форум «Халық үніне құлақ асатын үкімет» саясатын іске асыру шеңберінде азаматтық секторды мемлекеттік қолдау мен реттеудің қолданыстағы жүйесінің нәтижелерін бағалау, бизнеспен және БАҚ-пен өзара іс-қимылды жақсарту арқылы әлеуметтік әріптестікті дамыту, ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның өзге де институттарының жұмысына халықтың сенімділік деңгейін арттыру, таныту және сол арқылы ҮЕҰ-дың оң имиджін қалыптастыру бағытын қамтиды.
Айта кетсек, өңірлік форум БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жайық таңы» ҚБ және «Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
Күні бойы үш панелдік сессияның жұмысына ЖАО, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері мен жетекші тренер, сарапшылар қатысады.
zhaikpress.kz