26.06.2021, 15:55
Оқылды: 19

БҚО-да азық-түлік бағасы арзандады

Бүгін Оралда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу тұрғындарға азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік беретіні белгілі.

IMG-20210626-WA0002

Бұл ретте бір апта бұрын ұйымдастырылған жәрмеңкемен салыстырғанда азық-түлік бағасының орташа есеппен 15-20% - ға төмендеуі байқалады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері - азық-түлік өнімдерін делдалсыз сатуды жолға қоюдың тиімді тәсілдерінің бірі.

IMG-20210626-WA0003

Іс-шараға облыс және қала аудандарынан 50-ден астам шаруашылық субъектілері, қайта өңдеуші кәсіпорындар және ірі көтерме жеткізушілер қатысты, олар қолжетімді бағамен тауарлардың кең ассортиментін ұсынды. Дәстүрлі түрде тауар өндірушілер мен жеткізушілерге сауда орындары ақысыз негізде берілді, бұл сауда айналымын төмендетуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде бүгінгі таңда жоғары сұрыпты ұн бағасы 167 теңгеден басталады, 1 литр күнбағыс майы – 720 тг, картоп – 170 тг, жұмыртқа – 150 тг, қияр – 60 тг.

IMG-20210626-WA0005

Сондай-ақ, жергілікті шаруа қожалықтарының сөрелеріне май, сүт, қымыз, бал, құс еті және басқа да өнімдер қойылды. Қала тұрғындарын бағаның төмендеуі және соңғы уақытта жәрмеңкелердің қайта жандануы қуантты. Оралдықтар азық-түлік сатып алып, аз уақыт ішінде 24 мың дана жұмыртқа, 40 тонна картоп, 10 тонна пияз, 20 тонна қияр, 3 тонна қызанақ, 2 тонна шұжық өнімдері және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын сатты.

IMG-20210626-WA0000

IMG-20210626-WA0004

IMG-20210626-WA0001

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале