11.04.2024, 12:18
Оқылды: 68

БҚО-да бағаны тұрақтандыру шаралары жүргізіліп жатыр

Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай аясында ең қажетті тауарлардың, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне жол бермеуді міндеттеді.

WhatsApp Image 2024-04-11 at 13.13.39

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық бюросының мәліметтері бойынша Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 99,9 пайызды құрады.

- Қант пен сәбіз бағасының шамалы ауытқуы байқалды. Жергілікті атқарушы органдар азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, - деді Нұржан Өтепбаев.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале