26.12.2023, 16:00
Оқылды: 113

БҚО-да Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкілі таныстырылды

Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 жанат бала

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия мүшелеріне Батыс Қазақстан облысының Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкілін таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен Бала құқықтары жөніндегі уәкілі болып Жанат Нұрмағамбетова тағайындалды.

Бақытжан Нарымбетов өз сөзінде Жанат Жандоллақызы қадағалау саласында – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО-дағы басқармасында түрлі басшылық лауазымда жұмыс істеген тәжірибелі тұлға, прокуратура полковнигі екендігін айтты.

Жанат Жандоллақызы өзінің еңбек жолын мектепте бастаған, яғни жас ұрпақтың тәрбиесін жақсы біледі.

Аға әділет кеңесшісі деген шені мен көшбасшылық қабілеті бар мықты ұйымдастырушы. Оның белсенді ұстанымы өңір тұрғындарына жақсы таныс.

Ол - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиясына, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияға, жасөспірімдерді тәрбиелеуге, олардың құқықтарын қорғауды қоса алғанда, өзекті мәселелер көтерілетін Әдеп жөніндегі тәртіптік кеңестің отырыстарына тұрақты қатысып, ана мен баланы қолдап келді.

Әр уақытта ҚР Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы облыстық Балалар құқықтарын қорғау департаментінің әлеуметтік жобаларын іске асыруға да атсалысты.

Жиын барысында Бақытжан Нарымбетов облыстың балалар құқықтары жөніндегі уәкіліне Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді іске асыруға жете күш салуы қажет екенін атап өтті.

Жаннат Жандоллақызы өңір балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу, қажетті әлеуметтік сүйемелдеуді қамтамасыз ету және балалардың құқықтарын қорғаудың басқа да маңызды бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеу шараларын ұйымдастыруы тиіс.

Бақытжан Хаберұлы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысы халық, ата-ана, балалар, барлық деңгейдегі педагогтар, қоғамдық ұйымдар және тиісті мемлекеттік құрылымдармен тығыз байланысты екенін айтты.

Сол себепті осы бағыттағы жұмыс нәтижелі диалог негізінде құрылуы керек, әрі Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуының мазмұнын ашуы тиіс.

Кездесу соңында облыс әкімнің орынбасары Жаннат Жандоллақызына ел игілі үшін жүзеге асуы тиіс міндеттерді  орындауда табыс тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале