Бұл туралы БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев айтты.
- Осы жылдың 10 айынының қорытындысы бойынша жүргізілген талдауға сәйкес кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 26,1%-ға өскені анықталды. Олардың ішіндегі 7-еуі эпизодты іс. Қылмыстың басым бөлігі, яғни 42,6% Орал қаласында тіркеліп отыр, - деді облыстың бас полицейі Арман Молдиярұлы.
Белгілі болғанындай кәмілетке толмаған балалар биыл 87 қылмыс жасаған.
Бесіктен белі шықпай жатып қылмыс әлеміне араласқан 82 бала полицияда тіркеуде тұрған көрінеді. - Оның 48-і мектеп оқушысы, - деді ведомоство өкілі.
- Балалар арасында есірткі сипатындағы заттарды қолдану, сату мақсатындағы қылмыстар да жиі тіркеліп тұрады, - дейді полицейлер.
Биыл осы мақсаттағы қылмыстарға қатысты төрт қылмыстық іс қозғалыпты. Енді ол жасөспірімдер 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Себебі ҚР Қылмыстық кодексінің 81-б. 7-тармағына сәйкес кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдерге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген.
- Балалар жасайтын қылмыс саны артқан. Бірақ балаларға қатысты жасалатын қылмыс саны азайды, - деді полиция департаментінің басшысы. Биыл мұндай сипаттағы 14 қылмыс тіркелген.
Жанат Көшкінбай,
Фото: БҚО ПД баспасөз қызметінен