1.06.2018, 18:39
Оқылды: 201

БҚО-да балалар мерекесі ерекше тойланды

 

зеленов балалар1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні облыс аудандарында кең көлемде аталып өтті. Бұл күні ауылдарда мазмұнды шаралар, спорттық байқаулар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Толығырақ аудандардағы тілшілеріміз хабарлайды.

 Бұл күн Зеленов ауданында ерекше салтанатпен мерекеленді. Таң сәріден қосылған әсем әуен ырғағы бүлдіршіндерді аудандық Мәдениет үйінің алдына жинады. Балаларға ғана емес, ата-аналарға да тамаша көңіл-күй сыйлаған мерекеден соң тегін балмұздақтар таратылып, «Жеңіс» кинотеатрында қызықты мультфильм көрсетілді.

казталов балаларАл Қазталов ауданы Қошанкөл ауылында балаларға арналған дала қызықтары өтті. Мерекелік шарада балалар арасында жаяу, веложарыс, эстафеталық жарыстар, арқан тарту, аударыспақ, тай, құнан жарыстары ұйымдастырылды. Сайыстарға қатысқан бүлдіршіндерге бағалы сыйлықтар үлестірілсе, тай жарысына бірінші орынға тай, екінші орынға велосипед, үшінші орынға қысқа толқынды пеш тігілді. Ал құнан жарысына бірінші орынға құнан, екінші орынға велосипед, үшінші жүлделі орынға планшет ұсынылды. Жалпақталда өткен шарада мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйлықтар таратылып, мерекелік дастархан жайылды. Осы күні білім ордаларында жазғы лагерлердің ашылу салтанаты өтті.

акжайык балаларАқжайық ауданында бұл күні балғын суретшілер байқауы, ұл-қыздар арасында спорттық сайыстар, басқа да алуан шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар халықтық театры ұл-қыздарға үлкен сый жасады. Чапаевтағы «Мерей» мәдени-демалыс орталығының сахнасында Тілеуғазы Бейсенбектің «Самұрық келген таң» атты музыкалық ертегісі көрсетілді.

жанакала балаларЖаңақала ауданында Қ.Жантілеуов саз мектебінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Сонымен қатар алаңда асық ату, кір тасын көтеру, арқан тартыс ойындары, байқауы, аквагрим, тас жолда сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

Ақсайда балғындардың басты мерекесі биыл ерекше тойланды. 500 жас өнерпаз ансамбльдер шеруіне қатысты. Түрлі додаларда топ жарып жүрген өрендер көпшілікке өнерлерін паш етті. Соңғы жылдары Ақсай қаласындағы 10-шы шағын ауданда 320 орындық балабақша мен Кеңтүбек ауылында 50 орындық бөбекжай пайдалануға беріліп, Аралтал ықшам ауданында 300 орындық мектеп шәкірттеріне есігін айқара ашты. Ал Ақсайдың солтүстік бөлігінде 240 орындық балабақша құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

теректи балаТеректілік бүлдіршіндердің көңілін көтеру үшін қонаққа Роза мен Дружок Барбоскин келді. Олар сурет салудан байқау өткізіп, қатысушыларға сый-сияпат тарту етті. Аудандық Мәдениет үйінде балалара тегін кино көрсетілді.

Шыңғырлаудағы мерекелік шеруде жас аналар бөбектерін алып,  орталық көшемен жүріп өтті. Сахна алдында күмбірлеп күй төгіліп, мың бұралған би көрерменін тамсандырды.

Қаратөбеде балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруі өтті. Мерекелік шара барасында  бүлдіршіндерді ортаға би биге шақырып,  ойын ойнатқан мультфильм кейіпкерлері көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді. Балақайларды мерекелерімен құттықтаған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Эльдар Амантаев ата-аналарының көз қуанышы болып жүре берулеріне,  дендерінің сау болуын тілеп, оларға сыйлықтар табыстады.

  zhaikpress.kz

акжайык бала  акжайык балалар 2 борли балалар жалпактал балалар казталов балалар 2 шынгырлау балалар

IMG_8700

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале