29.05.2025, 17:45
Оқылды: 184

БҚО-да «Балалардың қауіпсіздігі - басты назарда» республикалық акциясы өтті

Балаларды қорғау күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Балалардың қауіпсіздігі - басты назарда» ұранымен ауқымды іс-шара өткізді.

1a2aba18-90d5-4b57-935a-7d94cdc85107

Балаларға арналған мереке ТЖ вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаевтың құттықтау бейнеүндеуімен, сондай-ақ Департамент бастығының орынбасары Марат Мұратов құттықтау сөздерімен және балалар алдында ақыл айтумен басталды.

f259153e-dd57-4df3-95b7-6f18332cf280
Бұдан әрі балалар мерекелік көңіл-күйде ойындар мен байқауларға қатысты. Сондай-ақ, балалар үшін арнайы техника бойынша өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жауынгерлік киімдерін киіп, олардың көлік құралына кіріп, олардың рөлін сезіну мүмкіндігі көрсетілді.

62a6b500-97c5-42a4-96a2-3054a217efdc
Іс-шара соңында балмұздақпен тамақтанып, байқауға қатысқаны үшін жүлделі орындар мен сыйлықтар таратылды.

5c8bafb4-b4ed-42a2-853b-dab660a17de8
Іс-шараның басты мақсаты - балаларды қауіпсіздік ережелеріне үйрету, ТЖ-да мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және құтқарушы мамандығының ерлігін көрсету.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале