21.11.2019, 15:36
Оқылды: 45

БҚО-да бапкерлер жетіспейді

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингі алаңында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева хабарлады.

rsk (1)

– Жергілікті университет мұғалімдер дайындайды. Спорт түрлерінен жаттықтырушылар жеткіліксіз. Жақсы спорт түрлері бар. Жеңіл атлетикадан бапкер жоқ. Шешілмей тұрған мәселенің бірі. Мысалы Ақсай қаласында жақсы стадион салынды. Ондағы жүгіретін алаңға мамандар жақсы баға беріп жатыр. Бірақ бапкер жоқ. Алматыда оқып жатқан түлектерді тарттық. Олардың келгісі жоқ. Бұл бағытта спорт федерацияларымен, оқу орындары басшылықтарымен сөйлесудеміз, – деді Әсия Рахимқызы.

Басқарма басщысының айтуынша, облыс бойынша спорт ұйымдарында 569 жаттықтырушы бар. Оның 316-сы ауылдық жерде. 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 12 490 жас спортшы шынығуда. Олардың 6 906-сы ауылдық жерлерде.

Бүгінгі таңда спорт резервін дайындауда басқарма ауыл спортына көңіл бөлуде. Жүйелі жүргізген жұмыс нәтижесінде спорттық разрядтардың берілуі артты. Айта кетсек, Бөкейорда ауданы 2017 жылы 13 спорттық разряд беріліп, ең төмен нәтиже көрсеткен болса, 2018 жылы 179 спорттық разряд беріліп, ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

2019 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапына 433 спортшы енген. Олардың ішінде 350-і жазғы спорт түрлерінен болса, 83 спортшы қысқы спорт түрлерінен жарыстарға қатысады.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале