7.04.2020, 17:54
Оқылды: 59

БҚО-да белгіленген шектеулерді бұзудың 153 фактісі анықталды: 45 адам әкімшілік қамауға алынып, 40 адамға айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен құқық қорғау органдарының аймақтық қылмыстылығын, оның ішінде төтенше жағдай режимін төмендету бойынша үйлестіру шаралары жүргізілуде.

40FA32B7-65F7-42EB-91A5-9EDD7CDA1212

Құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ прокурорлық қадағалау бойынша уәкілетті және құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіру шараларымен төтенше жағдай енгізілгеннен бастап облыста қылмыскерліктің 7,8% - ға, оның ішінде орташа ауырлықтағы 28,6% - ға және ауыр емес 29,4% - ға төмендеуіне қол жеткізілді. Төтенше жағдай кезінде аса ауыр қылмыс тіркелген жоқ.

Тонау 75% - ға, ұрлық 21,6% - ға, алаяқтық 25,8% - ға, қорқытып алу 50% - ға қысқарды.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 32% - ға азайды.          

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты облыс прокуратурасы азаматтарды үрейленбеуге, тыныштықты, құқық тәртібін сақтауға, уәкілетті органдардың талаптарын және белгіленген тыйым салу, шектеу шараларын орындауға, жалған хабарламаларға ден қоймауға, тек ресми ақпарат көздерін басшылыққа алуға шақырады.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тарапынан бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, жекелеген азаматтар төтенше жағдай режимінің белгіленген шектеулерін бұзуды жалғастыруда.

Бүгінгі таңда облыста белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді бұзудың 153 фактісі анықталды, бұл ретте сот 45 адамды әкімшілік қамауға алуға (2-ден 15 тәулікке дейін) және 40 адамға айыппұл салуға үкім шығарды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде коронавирусқа қатысты жалған ақпаратты тарату фактілері бойынша 4 адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар жұқтырған адамдардың сауалнамалық деректерін таратқаны үшін 3 қылмыстық іс тіркелді.

БҚО прокуратурасы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале