7.06.2018, 16:49
Оқылды: 73

БҚО-да бес айда 10,3 мың ит, 565 мысық ауланған

Бұл жайлы бүгін облыстық ветеринария басқармасы басшысы Серік Нұрмағанбетов БАҚ-қа арналған брифингте айтты.

- Биыл облыста бұралқы иттер мен мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен 56 млн. теңге қаражат бөлініп, күні бүгін 32%-ы игерілді. 10,3 мың ит, 565 мысық ауланды,-дейді басқарма басшысы.

Былтыр осы мақсатқа жергілікті бюджеттен бөлінген 56,7 млн. теңге қаражат 100%-ға игеріліп, 21 мың ит, 1 мың мысық ауланған.

- Қазір «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» БҚО мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 5-3 шешімінің жобасына өзгерістер мен толықтыру енгізу әзірленуде. Атап айтқанда ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарға биостерилизация өткізу бағдарламасын енгізу үшін, аудандармен қаржылық-экономикалық есептеулер жасақталу сатысында.

Биостерилизация өткізу бағдарламасының 23-тармағы бойынша ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады. Дені сау қаңғыбас жануарлар тиісті клиникалық жағдайда зарарсыздандыруға және піштіруге жатады. 24-тармағы бойынша ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтардың иелерінен өтініш болмаған жағдайда, мәліметтер Ұйымының интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 60 жұмыс күні ішінде дәрілік жолмен, ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен жансыздандыруға жатады,-деді баяндамасында облыстық ветеринария басқармасы басшысы С.Нұрмағанбетов.

Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале