6.01.2023, 16:45
Оқылды: 750

БҚО-да бір килограмнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 45 жастағы азаматшаның басқаруындағы "Опель Корса" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тінту кезінде сөмкесінен изолентамен оралған түйін, сондай-ақ 74 дана мөлшерінде ерекше иісі бар сұр-сары түсті ұнтақ заты бар оралған пакеттер табылды.

6

Фото дереккөзі: egemen.kz

Азаматшаның тұрғылықты жерін тінту барысында құрамында есірткі бар препараттарды одан әрі сату мақсатында 60 дана мөлшерінде түрлі түсті электр таспасы, 5 пакет полиэтилен зип-пакеті, жаңа электронды таразы 2 дана, ерекше иісі бар сұр түсті ұнтақ заттың іздері бар таразы, 6 металл шәйнек, 7 пакет металл магнит, 2 өлшеуіш қасық және шпатель, оралған ұнтақ заты бар 11 зип-пакет, ақ түсті ұнтақ заты бар 3 контейнер және сұр түсті ұнтақ заты бар 3 контейнер, сондай-ақ есірткі сатушылар қолданатын басқа да заттар табылып, тәркіленді. Есірткі құралдарының, психотроптық препараттар мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне сәйкес тәркіленгендердің мөлшері аса ірі болып айқындалған.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (өткізу мақсатында есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау).
БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Асқар Абдрахманов түсіндіргендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізгені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік заң жүзінде көзделген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале