12.04.2017, 17:46
Оқылды: 60

БҚО-да биыл 181 әлеуметтік маңызды жоба жоспарлануда

Бүгін Орталық  коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы алаңында облыс әкімінің  орынбасары Марат Тоқжановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша әлеуметтік салаға қатысты даму бағыттары туралы айтылды.


Марат Лұқпанұлының айтуынша, өңірімізде қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік органдар арасында іскерлік қарым-қатынас орнату бағытында тиісті жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Өткен жылы облыстың үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 14 бағыт бойынша 184 әлеуметтік маңызды жобаны іске асырған.

Ал биыл ұлттық тарихымызды ұлықтау бағытында азаматтық қоғам институттары және мемлекеттік органдардың араласуымен Алашорда қозғалысының құрылғандығына 100 жыл, қоғам қайраткері Ж.Досмұхамедовтің 130, Сырым Датұлының 275 жылдығы, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған және өзге де іс-шараларды жүзеге асыру бойынша 181 әлеуметтік маңызды жоба жоспарлануда.

Гүлжамал Жолдығали

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале