1.12.2018, 14:06
Оқылды: 33

БҚО-да биыл 3500 пәтер пайдалануға беріледі

ҚР Тұңғыш Президенті күні облыс әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарға 120 пәтердің кілтін табыстады. Орал қаласы маңындағы Зашаған кентінде орналасқан тоғыз қабатты үйді «ЖайықСельСтрой» ЖШС салған. Облыс әкімі Алтай Көлгінов пәтер иелерін мерекемен құттықтады.

Темирболат Токмамбетов01(1)

-«Нұрлы жер», «7-20-25», «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламалары арқылы жыл сайын баспанаға мұқтаж жандарға үйлер салынуда. Былтыр облыста 1500 адамға пәтер берілсе, биыл 3 500 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Орал қаласында 24 көп қабатты үй тұрғызылса, аудандарда 104 үй салынды. Келесі жылы қала маңында аумағы 450 гектар Ақжайық шағынауданында 150-ден астам үйдің құрылысы басталады. Қазіргі уақытта құрылыс орнына инженерлік-коммуналдық желілер тартылуда. Елдің дамуына жағдай жасап жатқан Елбасының еңбегі зор. Көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігі нығая берсін, – деді Алтай Сейдірұлы. Облыс әкімі елімізде урбанизация үдерісі белсенді жүріп жатқанын атап өтті. Алдағы жылдары Орал қаласының тұрғындарының 500 мыңға жетеді деп есептелінуде.

Зашаған кентіндегі 120 пәтерлік 9 қабатты үйдің құрылысы 2017 жылы маусым айында басталды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында жүргізілген үйдің құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. Пәтер кілттеріне үй кезегінде тұрғандар мен «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» салымшылары ие болды.

Темирболат Токмамбетов10

Темирболат Токмамбетов01

Темирболат Токмамбетов05

Темирболат Токмамбетов02

Темирболат Токмамбетов07

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале