Форумға БҚО әкімі Ғали Есқалиев, бизнес өкілдері және құқық қорғау органдарының мамандары қатысуда.
Форумды ашқан облыс әкімі:
- Биыл "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы бойынша 3,4 млрд қаржы бөліну жоспарлануда. Осы бағдарлама аясында біраз бизнес бастамалар қолдау табады деп күтудеміз. Бизнес саласында кездесетін кейбір қиындықтарды шешуде құқық қорғау органдарының араласуы маңызды, - деп атап өтті.
Форум барысында кәсіпкерлік нысандарының проблемалары талқыланып, пікіралмасу жүретін болады.
zhaikpress.kz