24.11.2023, 14:45
Оқылды: 1995

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

БҚО-да екі күн бұрын боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

82DA450F-3D35-4170-8981-6FBD6DFC67A3

Еске салсақ, 22 қараша күні кешкі сағат 20:37-де құтқару қызметіне Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылында 1961 жылы туған азаматтың күндіз сағат 10.00-де жұмыстан шығып кеткеннен үйге оралмағандығы жөнінде хабар түскен.

Департамент қызметкерлері тұрғынды іздеуге бірден аттанды. Сонымен қатар кеше сағат 13:00-де қаладағы әуежайдан «Еврокоптер» әуе ұшағы оқиға орнына көтерілді. Іздеуге барлығы 31 адам, сегіз техника жұмылдырылды.

Бүгін түске таман БҚО ТЖД-ның жедел-құтқару жасағы және жергілікті тұрғындардың көмегімен ауыл маңынан жоғалған 62 жастағы ер адамның денесі табылды.

Құтқарушылар ауа райы нашарлаған кезде елдімекендерден тыс жерлерге жаяу барудан және жол жүруден аулақ болуды, күн райы болжамын үнемі бақылап отыруды ескертеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале