Бүгін таңертең басталған форум жұмысы екі бөліктен тұрады.
Форумға Арманжан Байтасов, Марғұлан Сейсембай, Бейбіт Әлібеков, Александр Ли, Тимур Құдайбергенов секілді танымал бизнесмендер шақырылған. Форумға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев қатысуда.
Түстен кейінгі отырысты Марғұлан Сейсембай ашты.
Ол өз кезегінде Орал халқына кешегі ресейліктерге көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтты. Одан әрі қарай бизнесте табысқа жету үшін команданың маңызы туралы лекциясын жалғастырды.
"Бүгінгі форумға 1000 адам қатысып жатыр. Астрахань,Самара, Орынбордан арнайы билет алып келген қатысушыларымыз бар. Жән
е Қазақстанның Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларынан қатысып отырғандар бар. Форум осымен үшінші мәрте өтіп жатыр", - дейді ұйымдастырушылар.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz