25.04.2023, 12:30
Оқылды: 49

БҚО-да былтыр 693 баладан сколиоз анықталды

Медициналық тексеру - мақсаты ауруларды ерте анықтау және олардың даму тәуекелдерін бағалау.

Балалардың иммундық жүйесі толығымен қалыптаспағандықтан, «ауру тудыратын» вирустар мен бактериялар балалар ағзасына оңай енуі себебінен балалар ересектерге қарағанда ауруға жиі ұшырайды. Сондықтан кез келген ауру қаупінің алдын алған дұрыс.

photo_379794

Фото: tengrinews.kz

Балаларды медициналық тексеру кезінде дәрігерлер әртүрлі аурулар мен дамудың ауытқуларын анықтау немесе болдырмау үшін кешенді тексеру жүргізеді. Еліміздің ірі мегаполистері мен шағын қалаларында жыл сайынғы жоспарлы профилактикалық тексеру емханаларда жүргізіледі. Шалғай және ауылдық жерлерде медициналық процедуралар кешені тікелей мектеп қабырғасында жүзеге асырылуы мүмкін. Оқушылар 6-7 жаста (мектеп алдында), содан кейін 10, 14, 16 және 17 жаста тексеруден өтеді. Әр жаста медициналық тексеру жүргізу маңызды, бұл ағзадағы ақауларды уақытында диагностикалауға, әртүрлі патологиялар мен ауруларды анықтауға көмектеседі. Сондықтан жоспарлы профилактикалық тексерулерді өткізіп алмауға тырысу керек.

Мектеп жасындағы балалардағы негізгі проблемалар - көру қабілетінің нашарлауы, кариес және сколиоз.

2022 жылдың 12 айының қорытындысына сүйенсек, Батыс Қазақстан облысында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында медициналық тексеру барысында және білім беру ұйымының медицина қызметкерлері ұсынған деректер бойынша, барлығы 693 (2021 ж. - 283) сколиоз анықталды. Оның ішінде бастауыш сынып оқушылары арасында – 101 (2021 ж. - 61), 5-9 сыныптағы орта буын оқушыларында - 345 (2021 ж. - 78), жоғары сынып оқушыларында - 247 (2021 ж.-144) жағдай анықталды.

Көру органдарының патологиясы бойынша барлығы 4 948 жағдай (2021 ж.-1503) анықталса, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларында – 1169 (2021 ж.- 480), 5-9 сынып оқушыларында – 2488 (2021 ж.-517), жоғары сынып оқушыларында – 1291 (2021 ж.-506) жағдай тіркелді.

Жүйке жүйесінің патологиясы бойынша барлығы – 685 жағдай (2021 ж. – 270), оның ішінде бастауыш сынып оқушыларында – 147 (2021 ж. - 77), 5-9 сыныптағы орта буын оқушыларында – 374 (2021 ж.- 104), жоғары сынып оқушыларында - 164 (2021 ж. - 89) жағдай анықталды.

Көптеген адам мектеп оқушыларын медициналық тексеру дәрігерлер үшін жай ғана формальды, одан ешқандай пайда жоқ деп ойлауы мүмкін. Бұл - қате түсінік. Тіпті ең жылдам медициналық тексеру сіздің балаңызда қандай да бір мәселе бар-жоғын анықтайды. Уақытында анықталған көз көрудің нашарлауы, қандағы қанттың жоғарылауы, омыртқаның қисаюы, болашақтағы үлкен аурулардың алдын алуға көмектесетінін ұмытпаңыз!

Ақбала Ұзақова,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің жетекші маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале