28.01.2025, 15:00
Оқылды: 61

БҚО-да былтыр 701 отбасы тұрғын үй көмегін алған

Ол үшін бюджеттен 18,3 млн қаржы жұмсалған. Ал 2023 жылы тұрғын үй көмегін облыста 982 отбасы алыпты. 2023 жылы тұрғын үй көмегі үшін 25,9 млн қаржы жұмсалған.

8ef1b78ef551488a260b0753c523292c

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Бұл туралы БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Есенғалиева айтты.
-Тұрғын үй көмегі - аз қамтылған, кірісі аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты төлеу үшін беріледі. Ол үшін тұрғынның Қазақстанда тек бір ғана баспанасы болуы керек. Тұрғын үй көмегі әр тоқсан сайын беріледі. Оның шекті деңгейін қалалық және аудандық маслихаттар белгілейді, - деп атап өтті Алмагүл Есенғалиева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале