22.05.2023, 12:00
Оқылды: 49

БҚО-да былтыр жол жөндеу үшін 21 миллиард теңге жұмсалған

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен кеңес өтіп, күн тәртібінде облыс аумағындағы жол құрылысы және ауылдық елді мекендерді цифрландыру мәселесі қаралды. Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық басқармалардың басшылары, аудан әкімдері, жол және жол  сапасы саласына жауапты мекемелердің және ұялы байланыс операторлары компанияларының өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2023-05-22 at 12.49.15

- Батыс Қазақстан облысы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 176 шақырым. Республикалық маңызы бар жолдар 1414 шақырым болса, жергілікті маңызы бар жолдар 4762 шақырым. 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сүйенсек, жергілікті желі, яғни облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 46% құрады. Орын алған қиындықтарға қарамастан 2022 жылы орындалған жөндеудің қорытындысы бойынша осы көрсеткішке қол жеткіздік. Барлығы өткен жылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген 55 нысанның 22-сі пайдалануға берілді, 26 нысан жобамен 2023 жылға ауыспалы болып қарастырылған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 21,0 млрд.теңге игеріліп, облыстық және аудандық маңызы бар 246 км жол жөнделді. Сондай-ақ, бюджетке 3,2 млрд.тенге қаржы кері қайтарылды, - деп баяндады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Менеев.

WhatsApp Image 2023-05-22 at 12.49.17 (1)

Басқарма басшысының айтуынша өңірімізде жыл сайын құрылыс саласында болатын жол құрылыс материалдары мәселесі біртіндеп шешіліп келеді.

Соңғы жылдары автожол нысандарында болатын инертті материалдар тапшылығы биыл қайталанбас үшін маңызды шаралар атқарылуда.

Шаралардың бірі «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы – Жүк Тасымалдары» АҚ және «ҚазТемірТранс» АҚ-мен жүргізілген келіссөздер арқасында құрылыс маусымы басталғанға дейін облыстық және аудандық маңызды нысандарды қиыршық тастың қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін оларды Ақтөбе облысынан жеткізу жұмыстары реттелуде. Сонымен қатар, қиыршық тас жетіспеушілігімен қатар жол битумы жетіспеушілігі де өткір проблема.

Бұл 2022 жылы автожолдарды жөндеу бойынша қойылған барлық міндеттердің орындалуына айтарлықтай кері әсерін тигізген еді. Былтыр битуммен толықтай қамтамасыз етілмей және битумның жеткіліксіз болуы салдарынан нысандардың жартысына жуығы тамыз айынан бері жұмыссыз тұрып қалды. Биылға жергілікті автожолдар желісінің жобалары үшін облыста 8 мың тонна жуық(30 мың тн. қажеттілік) битум әзірленген.

WhatsApp Image 2023-05-22 at 12.49.17

WhatsApp Image 2023-05-22 at 12.49.15 (1)

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале