14.10.2026, 18:00
Оқылды: 0

БҚО-да дәріхананың есігін сындырған ер адам 5 тәулікке қамалды

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын зерделеу барысында Ақсай қаласындағы дәріханалардың бірінің есігінің әйнегін ер адамның сол дәріхананың алдында тұрған қоқыс жәшігімен ұрғылап, сындырып жатқаны анықталды.

Screenshot

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыны ұстады. Ол алкогольдік масаң күйде болған Ақсай қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгенің мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады. Бөтеннің мүлкін бүлдіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Дереккөз: polisia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале