21.12.2023, 9:15
Оқылды: 62

БҚО-да директор баласын жұмысқа заңсыз орналастырып, артық жалақы аударған

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуратурасы балалар лагерлерінде тексеріс жүргізді. Бұл туралы БҚО прокуратурасының ресми сайтында жазылды.

прокуратура1

Тексеру барысында «Тәрбие жұмысы орталығы» МКҚК директорының «Жас ұлан» балалар лагеріне тиісті білімі және біліктілігі жоқ, өзінің баласын жұмысқа заңсыз қабылданғаны анықталды.

Сонымен қатар белгіленген мөлшерден артық жалақы аударылған.

«Аудан прокуратурасының қадағалау актісімен құқыққа сыйымсыз артықшылық білдіргені үшін МКҚК директоры «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабының 1-тармағының 4-тармақшасы негізінде қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Артық аударылған жалақы мемлекетке қайтарылды», делінген хабарламада.

Мұнымен қоса, «Достық» балалар лагерінің ғимараты апатты жағдайда екендігі және балалар лагері өзінің жұмысын санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай жүргізгендігі белгілі болған.

Ал лагерьдің 13 жұмысшысында тиісті медициналық рұқсаты болмаған.

Сонымен қатар балалар лагерінің меңгерушісі тұлғаларды жұмысқа жалған орналастырып бюджет қаражатын жымқырған. Тіпті сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғандығы анықталды.

Бәйтерек ауданы прокуратурасының бастамасымен қылмыстық кодекстің 189-бабының 2-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін талан-таражға салу) және 190-бабының 2-бөлігі бойынша (қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық) қылмыстық іс тіркелген.

«Мемлекетке келтірілген залалдың толық көлемде өтелуіне байланысты қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды», деп жазылған хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале