11.08.2022, 16:15
Оқылды: 52

БҚО-да «Дубицкий В.В.» ЖК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 19  тамызда сағат 15:00-де ағынды суды бұру және тазарту қызметтері бойынша «Дубицкий В.В.» ЖК-ның тариф және тарифтік смета жобасын қарау бойынша жария тыңдау өтеді.

5

Фото дереккөзі: newtambov.ru

Жария тыңдау мына мекенжай бойынша өтеді: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Щапово ауылы, Абылай хан көшесі - 1Г,  әкімдік ғимараты.

Департамент тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға шақырады.

Сонымен қатар, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Жария тыңдаулар ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимінде (сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/86102219434?pwd=ZE1UZjRiZzNSMDRSRVNtY2lsaWJyZz09,  конференция идентификаторы:  861 0221 9434, кіру коды: 1BgN2W) және Facebook әлеуметтік желісінің ресми бетінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180) қатар өтеді.

Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында іздестіруге ДКРЕМ ЗКО атауын енгізу қажет.

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112)250383.

        

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале