23.11.2021, 16:55
Оқылды: 45

БҚО-да егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайызға жуығы екпе салдырды

Батыс Қазақстан облысында 247 091 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

46

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бұл - облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың 59,7 пайызы

Соның ішінде 227 811-і (55 пайызы) екінші компонентті де алды.

Қазіргі кезде өңірде вакцина қоры жеткілікті.

Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 16,9 пайызға (33 науқасқа) төмендеді.

Пандемия басталғаннан бері тіркелген 39 580 науқастың 37 148-і жазылып шықса, 833-і көз жұмды.

Күні бүгін облыс бойынша 380 адам амбулаториялық ем алуда.

Оған қоса 821 төсектік 16 инфекциялық стационарда 136 науқас жатыр. Соның 9-ы жансақтау бөлімінде. Олардың біреуі аса ауыр халде. Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 1, инвазивті емес сондай құрылғыға 4, оттегі концентраторына 4 науқас қосылған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале