14.02.2025, 11:00
Оқылды: 257

БҚО-да екі тұрғын ауылдасына оқ атып, өлтірмек болған

Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде оқыс оқиға болды, - деп жазады kaz.inform.kz.

.45 caliber hand gun with silhouette target in the background

Сурет: istockphoto.com

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, 14 қаңтар күні екі тұрғын жиырма жасар жігітке оқ атқан. Алдымен олар оны көшеге шақырып алған. Содан кейін екі рет оқ атылып, біреуі оның ішіне, екіншісі қолына тиген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

— Аталған дерекке сәйкес Шаған полиция бөлімі бұзақылық және кісі өлтіруге оқталу қылмысы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен екі жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу БҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале