19.12.2024, 15:45
Оқылды: 321

БҚО-да екі жыл ішінде маңызды салаларға 500-ден астам қажетті техника сатып алынған

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары тіршілікті қамтамасыз ететін салалардың материалдық техникалық базасы жаңғыртылудан өтті. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

c8b7551a-c692-4ac1-a910-f99dd18d17bf

Маңызды салаларға 530 қажетті техника сатып алынды. Оларға облыстық бюджеттен 10 млрд теңгеден (10,3 млрд) астам қаржы бөлінді.

Атап айтқанда, төтенше жағдай саласына – 44 бірлік, полиция департаментіне – 165 бірлік, орман мекемелеріне – 88 бірлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына58 бірлік, денсаулық сақтау саласына 117 бірлік, білім саласына – 58 бірлік техника алынды.

33720d57-36d6-4dac-bc23-e635787812df

«Материалдық техникалық базаның жаңғыртылуы – тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасының артуына әкеледі.

Алдағы уақытта материалдық базаны жаңғырту жұмысы жалғасады», - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

f50d40c6-4c6b-48e9-b686-8920a77ba2c2

ed9fb9c7-9397-4ab1-a89c-7e5398101209

114a47ff-e467-47a9-82fc-16fb9a0dde9b

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале