18.12.2024, 13:00
Оқылды: 16

БҚО-да екі жылда бір мың километр жол жөнделді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары аралығында бір мың километрден астам жол жөнделді. Атап айтқанда, 2023 жылы – 562 км жол жөнделсе, 2024 жылы 445 км жолдың құрылысы аяқталған. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

9c11df9b-2e23-4405-aa69-ba8fdaf1bfe1

«Подстепный-Федоровка-РФ шекарасы бағытында
4 кезеңнен тұратын барлығы 144 км жолдың биыл бірінші және төртінші кезеңдері, яғни 72 км жолы қайта жаңғыртылса, екінші және үшінші кезеңдері (72 км) 2025 жылы КПО б.в компаниясы есебінен іске асырылатын болады. Күні бүгінде аталған учаскелерде инертті материалдарды тасымалдау, айналма жолдарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ел Президентінің 2019 жылы берген тапсырмасы аясында өңірдегі Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 км жолды салу міндеті тұрған болатын.

Аталған жолдың 2019-2022 жылдары, яғни 4 жылдың ішінде 125 километрі аяқталған болатын. 2023 жылы – 104 километрі, 2024 жылы қалған 16 километрі салынып бітті», - делінген хабарламада.

1a25c4a5-968d-49d2-a614-817fd5a7ccb0

Облыс орталығынан 500 шақырым жерде орналасқан Жәнібек ауданының тұрғындары үшін биылғы жыл қуанышты жаңалыққа толы болды.

Ауданға апаратын жолдың құрылысы толықтай аяқталды. Талай жыл жол қиындығын көрген тұрғындар бүгінде облыс орталығына еш қиындықсыз қатынайды.

«Бұрындары облыс орталығына қатынау үшін көп уақытымызды жоғалтатынбыз. Биыл жолдың құрылысы толықтай аяқталып, халық игілігіне берілді. Бұл ауданымыздың экономикалық дамуына әсер етеді. Жол салып беруге қолдау білдірген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымызды білдіреміз», - дейді Жәнібек ауданының тұрғыны Бекет Әліпқалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале