БҚО-да Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жаңа басшысы тағайындалды.
Есепші, заңгер, каратэші Асылбек Дүйсенов Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы қызметіне тағайындалып отыр.
Жаңа басшыны облыс активіне ҚР қаржылық мониторнинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов таныстырды.
Департамент басшысы болып тағайындалған Асылбек Дүйсенов 1980 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді есепші және заңгер. Әрі - Каратэші.
Иә Асылбек Дүйсенов 2016 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Каратэ жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірген.
Асылбек Әбілхайырұлы құқық қорғау органдарында 20 жылға жуық қызмет атқарған.
2023 жылдың 6 сәуірінен бастап ҚР қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының міндетін уақытша атқарған.
Енді бүгіннен бастап ресми түрде департамент басшысы болып тағайындалды.
Жаңа басшыға облыс әкімі Нариман Төреғалиев сәттілік тіледі.
Бүгін ғана тағайындалған жаңа басшының әлеуметтік желідегі парақшасынан Асылбек Дүйсеновтың салауатты өмір салтын ұстанатын байқадық.
Асылбек Дүйсенов түрлі марафонға қатысқан желаяқ, әрі велошабандоз екен.
Бұдан бөлек жаңа басшының қыстың күні суға түсетін өнері барын байқадық.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz