5.05.2025, 15:45
Оқылды: 309

БҚО-да «Ел көгінде ардагерлер» атты концерт өтті

Бүгін Орал қаласында мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК ұйымдастыруымен, «Ардагер» клубы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше концерт өткізді.

WhatsApp Image 2025-05-05 at 16.18.30

Концерттің тақырыбы — «Ел көгінде ардагерлер», ол майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұлықтауға бағытталған.

WhatsApp Image 2025-05-05 at 16.18.32

Мереке аясында, Қазақ елінің майдандағы және тылдағы көрсеткен ерен ерлігіне құрмет ретінде, жас ұрпаққа елжандылық, патриотизм және тарихи жадымызды ұмытпау керек екендігі туралы терең ой салынды. Концертте «Ардагер» клубының вокалдық топтары өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық әндер орындап, қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесін ерекше атап өтті.

WhatsApp Image 2025-05-05 at 16.18.32 (1)

Мақсаты – жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, тарихты құрметтеуге тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін келер ұрпаққа жеткізу болды. Әндер мен музыкалық композициялар арқылы тыңдармандар елдің бірлігі, батырлық рухы мен жеңіс күнінің маңыздылығы туралы ойланды.

WhatsApp Image 2025-05-05 at 16.18.32 (2)

Концертке қатысушылар мен көрермендер Жеңіс күніне орайластырылған іс-шараның патриоттық мәнін жоғары бағалап, мәдениет пен өнердің еліміздің тарихына деген құрметті көрсететін маңызды құрал екенін атап өтті.

БҚО Қоғамдық даму басқармасы

WhatsApp Image 2025-05-05 at 16.18.33 WhatsApp Image 2025-05-05 at 16.18.31 (1) WhatsApp Image 2025-05-05 at 16.18.31 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале