БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері заңсыз аңшылықпен айналысқан тұлғаларды анықтады.
БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері 18 қарашада «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қала жанындағы Бортау ауданы аумағындағы «Романтика» турбазасының қасында екі көлікті тоқтатады.
1968 жылғы жүргізуші тізгіндеген «Honda CR-V» автокөлігі және 1981 жылғы Алматы қаласының тұрғыны жүргізген «Toyota prado» маркалы автокөлігі тағы үш жолаушы болған.
Тексеру барысында «Honda CR-V» көлігінің жүк салғышынан екі еліктің төшкесі табылған. Сондай-ақ төрт тегіс ұңғылы қару мен оқ-дәрілер, аңшылық пышақ, дүрбі, дальномер, рация тәркіленген.
Аталған факті негізінде Шаған полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне (заңсыз аңшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде БҚО ПД қызметкерлері рейд ұйымдастырылып, 8 қылмыстық факті анықтаса (ҚР ҚК-нің 339-бабымен - 6, ҚР ҚК-нің 337- бабымен - 2), аң аулау және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 183 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Аталған шара кезінде алты дана киік мүйізі, 1 173 келі бекіре тұқымдас балығы мен 15 бірлік қару тәркіленген.
zhaikpress.kz