2.10.2024, 10:30
Оқылды: 22

БҚО-да Еріктілер кеңесінің жұмысы жалғасып жатыр

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған Еріктілер кеңесі жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті хабарлады.

6bb70c20-1bfe-45d9-be0f-0689dda82dc2

Еріктілер кеңесін құрудағы негізгі мақсат – әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастыққа, өзара көмек пен қайырымдылыққа бағытталған еріктілер қозғалысына қатысуға дайын адамдардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы қызметтің тартымдылығын арттыру және оның қоғамдағы имиджінің жоғары деңгейінің қалыптасуы саналады.

Мұндай еріктілер мемлекеттік қызметте аз емес. Олар көшелерді көгалдандыруға, табиғат орындарын тазартуға, қан донорлығына және басқа да іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілер қозғалысының қатарын кеңейтеді және азаматтар арасында құрметке, алғысқа лайықты.

Еріктілер кеңесі мүшелері Халықаралық қарттар күніне орай қаламыздағы ҰОС ардагерлері В.Скаленко, К.Кочережкин, М.Тұманов, Б. Шолубай және А.Чегнахаеваның үйіне барып, құттықтап, батасын алды.

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» демекші, аталған іс-шараның басты мақсаты – қоғамда мейірімділік сезімін ояту және жастарға сыйластық көрсету бағытында тәрбие беру. Бүгінде Орал қаласында он Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады.

Жыл басынан бері еріктілер 200-ден астам тұрғынға көмек көрсетті. Жанашыр жандар жерлестеріміздің үй шаруаларын істеуге, балаларды спортқа баулуға, «Мектепке жол акциясы» аясында кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге, мұражайға экскурсия жүргізуге  және өзге де іс-шараларға атсалысты.

 

                                         

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале