Қаратөбе аудандық соты мемлекеттік мекеменің қаражатын жымқырған есепшіге үкім шығарды.
- Соттың үкіміне сәйкес 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аудандық прокуратурасы есепшінің мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз қолданып, 7 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны анықталды.
Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, - делінген ведомство хабарламасында.
Келген шығынның 1 миллионнан астамын ғана қайтарған сотталушы сот процесінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратқанын айтты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
zhaikpress.kz