9.10.2024, 16:46
Оқылды: 43

БҚО-да есепте тұрған жасөспірімге колледжге оқуға түсуге пробация қызметкерлері көмектесті

«БҚО-да пробация қызметкерлері есепте тұрған жасөспірімге колледжге оқуға түсуге көмектесті», - деп хабарлайды қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі.

044ae240-b2c8-488b-8bde-25387235df47

БҚО-ның ҚАЖД-ға қарасты Бәйтерек аудандық пробация қызметінің есебінде кәмелетке толмаған «А» есімді сотталған жасөспірім есепте тұр.

«Тілдесу барысында сотталғанның қазіргі уақытта орта арнаулы білімі жоқ екендігі анықталды. Осыған байланысты пробация қызметінің қызметкерлері Бәйтерек колледжі МКҚК-на жолығып сотталған жасөспірім таңдаған дәнекерлеуші мамандығына оқуға түсуге жәрдемдесті.

9dff713b-3fee-4bd2-904a-b76e44492091

Бұл оқу орнында тегін жатақхана, түскі ас және шәкіртақы бар. Пробация қызметінің басты мақсаты – сотталған тұлғаны қоғамға қосып, оның мінез-құлқын жағымды жаққа бұру», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале