22.02.2021, 13:33
Оқылды: 528

БҚО-да «Филармония Live» жобасы бастау алмақ

Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасына қарасты Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен 26 ақпан күні «Филармония Live» жобасы бастау алмақ.

фил22

Жобаның мақсаты – карантин кезінде халықтың көңіл күйін көтеру, филармония әртістерінің өнерін қалың көпшілікке насихаттау болып табылады. Аталмыш жоба аясында ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің 30 жылдығы, «Назерке» халық биі ансамблінің 25 жылдығы, Халық композиторы, Батыс ән мектебінің негізін қалаушы Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығы, күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық әртісі Дина Нұрпейісова мен күйші, халық композиторы Сейтек Оразалыұлының туғанына 160 жыл, ҚазКСР халық әртістері Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдығы, композитор, дирижер, Еңбек сіңірген өнер қайраткері Қапан Мусиннің 100 жылдығы, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың 95 жылдығы, КСРО халық әртісі Рысбай Ғабдиевтің 85 жылдығы, композитор, домбырашы, ҚР халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, жерлесіміз Базарбай Жұманиязовтың туғанына 85 жыл, Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедьяровтың 75 жылдығы, КСРО халық әртісі Әлібек Дінішевтің 70 жылдығы, Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, күйші-композитор Тұяқберді Шәмеловтің 70 жылдығы қамтылады.

фил11

Жоба жүргізушісі Данияр Исқали филармония әртістерімен әр түрлі бағытта ситуациялық сұрақтар, қызықты ойындар форматында сұқбат құрып, әншілер репертуарларындағы ел сүйіп тыңдайтын әндер тікелей эфир форматында өтетін жобада орындалатын болады.

Жоба аясында бір ай көлемінде филармонияның @bko_filarmoniya инстраграм парақшасында қосымша конкурс ұйымдастырылады. Жоба демеушілері ТОО «TORUS.KZ», «Meko market» дизайн студиясы, «Заман» сұлулық студиясы ұсынған ұялы телефон және бағалы сыйлықтары «Филармония Live» жобасының тікелей эфирінде ойнатылып, халыққа табысталатын болады.

- Дәл осындай жобалар карантин кезінде концертсіз қалған көрермендер мен өнер адамдары, әртістердің өзара байланысын нығайтып, рухани дамуына ерекше серпін берері хақ. Бұл жоба өнерді, мәдениетті насихаттауда таптырмас платформаға айналары сөзсіз, - дейді Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры Асхат Қажғалиев.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале