30.06.2025, 17:45
Оқылды: 354

БҚО-да қайтарылған активтер есебінен ауылдық денсаулық сақтау жүйесі қарқынды жаңғыртылуда

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы белсенді түрде жалғасуда. 2025 жылы арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен өңірде 14 жаңа медициналық мекеме бой көтеруде. Оның 3-уі жергілікті медицина қызметкерлеріне қолданысқа берілді. Бұл жобалар 14 мыңнан астам ауыл тұрғынын сапалы медициналық қызметпен қамтуға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2025-06-30 at 18.23.50

Жаңа нысандардың қатарында — 5 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) және 3 медициналық пункт бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл қадамдар шалғай ауылдарда медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, жалпы ауылдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2025-06-30 at 18.23.49 (1)

Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын дәрігерлік амбулаториялар келесі ауылдарда орналасқан:

  • Алмалы (Ақжайық ауданы, дайындық деңгейі – 100%),
  • Железново (Бәйтерек ауданы, 100%),
  • Бірлік (Жаңақала ауданы, 100%),
  • Янайкино (Бәйтерек ауданы, 92%),
  • Булдурта (Сырым ауданы, 55%).

Фельдшерлік-акушерлік пункттер мына елді мекендерде салынып жатыр:

  • Ақжайық ауданының Қонеккеткен, Қырқопа, Жанабұлақ және Базаршолан ауылдары,
  • Бөрлі ауданының Ақбұлақ ауылы,
  • Сырым ауданының Шағырлой ауылы.
    Бұл нысандардың басым бөлігі 80–100% аралығында дайын.

WhatsApp Image 2025-06-30 at 18.23.49

Медициналық пункттер Бәйтерек ауданының Зеленое және Қаражар ауылдарында, сондай-ақ Бөрлі ауданының Қарақұдық (Тихоновка) ауылында салынып жатыр. Бұл пункттер қосымша 2 мыңға жуық ауыл тұрғынына алғашқы медициналық көмекті қолжетімді етпек.

WhatsApp Image 2025-06-30 at 18.23.50 (2)

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл жобаларды жүзеге асыру шалғайдағы және аз қоныстанған ауыл тұрғындары үшін сапалы медициналық қызметті қолжетімді етуде аса маңызды рөл атқарады.

WhatsApp Image 2025-06-30 at 18.23.50 (1)

Қазіргі уақытта Орал қаласында 400 орындық №8 мектептің құрылысы жалғасуда. Құрылыстың қазіргі орындалу деңгейі – 45%.

Аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту — ауыл халқының өмір сүру сапасын арттырып, өңірдің тұрақты дамуының берік негізін қалыптастырады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай кешенді шаралар Батыс Қазақстан облысының ұзақ мерзімді өркендеуіне жол ашады.

 

 

 БҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале