13.06.2025, 21:00
Оқылды: 105

БҚО-да қан тапсыру акциясы өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы өз жұмысын жалғастыруда.

WhatsApp Image 2025-06-13 at 17.57.51

Халықаралық донорлар күніне орай, Еріктілер кеңесімен бірлесіп арнайы әлеуметтік акция ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда ерікті қан донорлығының маңызын насихаттау, тұрғындарды адам өмірін құтқаруға үлес қосуға шақыру болды.

Акция аясында көптеген азаматтар қан тапсырып, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын танытты. Қан тапсырушылардың арасында жастар, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер және тағы да басқа сала өкілдері болды.

Іс-шара барысында донор болу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

WhatsApp Image 2025-06-13 at 17.57.51 (1)

Қатысушыларға тегін медициналық тексеру ұсынылды және донорларға алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«Донор болу – бұл біреуге өмір сыйлау. Осындай игі шаралар қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттырады», – деп атап өтті акция барысында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале