6.11.2024, 11:45
Оқылды: 74

БҚО-да қанша адам тұмауға қарсы екпе алды?

БҚО-да тұмау және тұмауға ұқсас жіті респираторлы вирустық инфекциялар бойынша жағдай тұрақты.

IMG_0895

Сурет: pixabay.com

Осы жылы облыс тұрғындарының жедел респираторлық вирусты инфекциясымен аурушаңдылығы өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда 32,2% төмендеген.

– Биыл облысқа Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 68 000 дозасы сатып алынды. Вакцина алты айдан асқан нәрестелерге, дәрігерлерге, жүрек қан-тамыр созылмалы аурулары бар, тыныс жолдары созылмалы аурулары бар науқастарға, балалар үйлеріндегі балалар мен қарттар үйіндегі қарияларға және жүктіліктің екінші, үшінші кезеңіндегі әйелдерге егіліп қамтылды, - дейді БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Аурудың өршуі кезеңінде облыс тұрғындары ЖРВИ, тұмауға қарсы спецификалық емес алдын алудың жалпы шаралары туралы ұмытпаулары керек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале