5.01.2026, 13:00
Оқылды: 47

БҚО-да қар құрсауынан 18 адам құтқарылды

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Қазталов, Тасқала, Ақжайық және Теректі аудандарында 18 адамды құтқарды. Оның үшеуі бала. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады,- деп жазады kaz.inform.kz.

WhatsApp Image 2026-01-05 at 11.17.12
Фото: kaz.inform.kz

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта облыс аумағында республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының бір учаскесінде жүк автокөліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу енгізіліп, облыстық маңызы бар автокөлік жолдарының үш учаскесі жабық.

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале