7.04.2020, 12:31
Оқылды: 10

БҚО-да «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі жоба іске қосылды

Өткен жылы БҚО-да «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі жоба іске қосылған.

65205AAE-D037-4B2A-93FF-F5B9F7F4304E

Бағдарламаны іске асырудағы кедергілерді жедел анықтау және жою мақсатында «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына ЖАО, «Даму» КДҚ» АҚ, АКК, ЕДБ және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері кірді. Бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев осылай деді. Жобалық кеңсе бизнес жоспарды әзірлеу кезеңінен қаржыландыруға дейін бизнес жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, жобалардың тұрақты мониторингін жүргізеді.

Жобалық кеңсе қазіргі уақытта жалпы сомасы 27,7 млрд.теңгеге 196 жоба (ЕДБ, АКҚ) жұмыстануда, оның ішінде 8,8 млрд. теңге сомасына 139 жоба мақұлданса, 3,7 млрд. теңге сомасына 37 жоба қаралуда.
Аталмыш жобаның негізгі әлеуетті қатысушылары - БҚО өнеркәсібінің өңдеуші кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы субъектілері.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале