13.09.2023, 10:45
Оқылды: 6

БҚО-да «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

БҚО полиция қызметкерлері 5-9 қыркүйек аралығында өткен республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

21EDE101-866F-4AE0-ADCA-057E40EC62E7

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу, олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау. Сондай-ақ, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу.

«Тұрғылықты мекенжайларды тексеру барысында шамамен бес мыңнан астам қару иелері тексерілді. Тексеру барысында 92 әкімшілік заңнаманы бұзу фактілері анықталды.

Қаруды заңсыз алып, сақтағаны үшін 11 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, азаматтық және қызметтік қару айналымы бойынша 59 құқық бұзушылық анықталды.

Қаруларды тіркеу тәртібін бұзғаны үшін 22 хаттама толтырылды.

Жүргізілген рейдтік іс-шара барасында заңсыз сақталған 21 дана тіркелмеген қару тәркіленді, оның ішінде бес ойық мылтық, 13 бірлік тегіс ұңғылы мылтық, бір шолақ мылтық, бір қолдан жасалған тапанша және бір травматикалық тапанша бар.

«Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 5 қыркүйек күні саяжай үйінің бірінің моншасынан 50 жастағы ер адамға тиесілі «ППШ» автоматы, «Мосина» маркілі винтовкасы, «ТОЗ» маркалы ұсақ калибрлі винтовка табылып, тәркіленді. Бұны ер адам коллекция жинау үшін сақтағандығымен түсіндіріп берген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бабына сәйкес (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары  басталды.

Жедел-профилактикалық іс-шараның бес күнінде қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін 16 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, 200-ден астам патрондар мен оқ-дәрілер тәркіленді», делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале