16.03.2018, 18:12
Оқылды: 50

БҚО-да кәсіпкерлердің құқығын қорғауға арналған форум өтті

Бүгін Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексовтың қатысуымен өңір кәсіпкерлерінің құқығын қорғауға арналған  «Қуатты бизнес – қуатты Қазақстан» атты форум өтті.

Форум жұмысын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов ашып, кәсіпкерлікті жүргізу барысында қойылатын әкімшілік кедергілерді қысқартуға бағытталған жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Кәсіпкерлер бас қосқан дөңгелек үстел барысында облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

7-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында және келелі жиындарда сөйлеген сөзінде елімізде кәсіпкерлік саласын дамыта түсу қажеттігін айтады. Күні кешегі Елбасының «Перзиденттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде де шағын несие беруді көбейту, оған ағымдағы жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің сомасын 62 миллиардқа жеткізуді тапсырған болатын. Бұл бағытта облыс бойынша бірқатар жұмыс қолға алынуда. Бүгінгі таңда 37 мыңнан астам өңір тұрғыны шағын және орта бизнеспен айналысатын болса, оларда 110 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Жыл сайын өндірілетін жалпы өнімнің 42 пайызы сол шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі. Облысымызда бизнес саласын дамыту мақсатында  барлық жағдай жасалып, бірқатар жеңілдік қарастырылып, бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғайып келеді.

3Мысал үшін, 2016 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасына 1,6 миллиард теңге бөлінген болса, 2017 жылы ол сомма 200 миллионға артқан. Ал биыл бұл бағытқа қосымша 1,3 миллиард теңге қарастыру жоспарлануда. Сонымен қатар нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға өткен жылы 2,6 миллиард бөлінген болса, биыл бұл бағдарламаға 4,3 миллиард теңге қаражат қаралды.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында да бірқатар жоба іске асты. Елбасының цифрландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес өткен жыл соңында облыс орталығында «Smart Uralsk» қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл жердегі басты мақсат - мемлекет тарапынан тұрғындарға көрсетілетін барлық қызметтің сапасын арттыру, кәсіпкерлік саласында әкімшілік кедергілерді жою болатын. Мұнда келушілерге «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Яғни, осында халыққа және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда өңірімізде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру кеңесі жұмыс жасайды. Облыс әкімі де шағын және орта бизнес өкілдерін қабылдауды жүйелі түрде іске асыруда. Осы уақытқа дейін сондай 11 кездесу өткізіліп, 67 кәсіпкер қабылдауда болды. Бұл айтылған істердің барлығы кәсіпкерлерге жасалған қолдау деп санаймын,-деді Игорь Стексов.

9Сонымен қатар шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаменті басшысы Рустам Ақмырзаевтың «Кәсіпкерлікті сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәлелелері», тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

-Тек 2017 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметімен «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» бойынша 31 жайт анықталды. Кәсіпкерлерге күнделікті жұмыстарына жасанды кедергілер тұғызған 9 лауазымды тұлға және мемлекеттік орган қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 2017 жылы Мемлекеттік қызмет департаменті мен сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі арасындағы бірлескен жоспар шеңберінде, мемлекеттік қызмет көрсету салаларында «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» жайттары негізінде ақпаратты талдау мен жинау бойынша тұрақты негізде «Жасырын сатып алушы» әдісімен шаралар жүргізілді. Олардың нәтижесінде, тіркеу-емтихан қабылдау бөлімі және БҚО ІІД әкімшілік полиция қызметінде мемлекеттік қызмет көрсету процессінде заңсыз құжаттарды жинау мен толтыруды тездетуде көмек көрсеткен тұлғалардың болуы, яғни «делдалдардың» бары анықталды,-деді Рустам Сапарбекұлы.

8Сондай-ақ форумда БҚО кәсіпкерлік палатасының жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Хайдар Қапанов «Кәсіпкерлердің жүйелі мәселелері», ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысының орынбасары Аманқос Жұбаныш «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы баяндама оқыды.

Шара соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі және ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Жол картасын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

Фото: Айбатыр Нұраш

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале