24.03.2020, 18:44
Оқылды: 16

БҚО-да қауіпті кеселді жұқтырғандар жоқ

Бүгінде облыста 1 А категориясы бойынша 24, ал 1 Б бойынша - 124 адам күн сайынғы медициналық тексеруге алынған. 

8C22B474-367B-495F-BDA0-7A450C632A00

 Қауіпті кеселді жұқтырғандар жоқ. Коронавирус тіркелген мемлекеттер санаты өзгергенін айта кеткен жөн. Оның 1А санатына Франция, Иран, Италия, Үндістан, Испания, Малайзия, Германия, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Шри-Ланка және Египет мемлекеттері кірген. Ал 1Б санатына алғашқы санатта көрсетілмеген аталмыш инфекция тіркелген өзге мемлекеттер жатады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың сөзінше, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ішкі әуе және теміржол рейстерімен келген барлық жолаушыға бақылау орнатылған. Ресей Федерациясының шекарасындағы бес аутоөткелде термометрия және сауалнама жүргізу арқылы санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген. Ал наурыздың  22 күні Мәскеу - Ақтөбе рейсімен Оралға келген 4 азамат карантин стационарына жатқызылған. Олардан коронавирусқа алынған тест теріс нәтиже көрсеткен екен. Әлі де бақылау жалғасуда.

БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаев көрсетілетін қызмет пен тауар сапасын бақылау жұмыстары күн тәртібінде тұрғаын атап өтті. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын негізсіз көтерген сауда орындарын, сатушыларды көрген жағдайда, 109 нөміріне хабарласу керектігін айтты. Сонымен қатар сауда нүктелерінде санитарлық ережелердің, төтенше жағдайдағы талаптардың орындалмағанына куә болған жағдайда видео әлде фотоға түсіріп, 87000109109 уатсап нөміріне жолдауға болады. Ол өз сөзінде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған тұрғындарға ай сайын ең төменгі жалақы  (42 500 теңге) мөлшерінде төлем жасау мәселесі қаралып жатқанын да тілге тиек етті.

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы өкіміне сәйкес, ел аумағынан медициналық жеке қорғаныс заттарын шығаруға тосқауыл қойылған. БҚО МКД экспортты бақылау басқармасының басшысы Ерболат Гайнешевтің сөзінше, осындай заттарды шекарадан Ресейге алып өтпек болған болған үш дерек тіркелген.  

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале