2.04.2021, 17:52
Оқылды: 997

БҚО-да қазақ драма театрының жаңа директоры тағайындалды

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының 2021 жылдың 2 сәуір күнгі бұйрығымен Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры Салтанат Абулғазиеваның басқа жұмысқа ауысуына байланысты Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры болып Нұржан Тасболатов тағайындалды.

нур1

Жаңа басшыны ұжымға БҚО мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов таныстырды.
Нұржан Қадержанұлы 1973 жылы 4 мамырда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген.
1994 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтынан білім алып шықты.
Еңбек жолын 1994 жылы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда артист-инструменталист қызметінен бастады.
2002-2004 жылдары «Жастар мәдениет үйі» МКҚК-да музыкалық студия жетекшісі, 2004 жылы «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» МКҚК солисі, 2005-2009 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК-да музыкалық жетекші, 2009-2012 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК-да директордың орынбасары, 2012-2013 жылдары «Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де бөлім басшысы, 2013-2016 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК-да директордың орынбасары, 2016-2018 жылдары «Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Зеленов аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-на қарасты Дариян ауылдық мәдениет үйінің директоры, 2018-2019 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Қадыр Мырзалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы» МКҚК директорының шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі» МКҚК директоры қызметін атқарып келді.
ҚР «Мәдениет майталманы» (2019 жыл), «Еңбек даңқы» медалінің иегері (2019 жыл).
Отбасылы. 1 ұлы, 2 қызы бар.

Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық

қазақ драма театрының ақпарат бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале