Бүгін таңғы 08:15-те Жәнібек ауданына қарасты Күлтабан ауылдық округінен 10 шақырым қашықтықта көлік апаты болды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Toyota camry» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1993 жылғы жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан аталған автокөліктің 1940, 1945 және 1970 жылы туған жолаушылары жол-көлік оқиғасы орнында қаза болды.
Ал жүргізуші мен 1992 жылғы жолаушы түрлі жарақат алып, Жәнібек ауданының аудандық ауруханасына жеткізілген. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
zhaikpress.kz