Қазанның 28 күні сағат 8:30-да Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылында ауыл тұрғынының көлігі ұрланған. Бұл туралы полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
1989 жылғы әйелге тиісілі автокөлікті белгісіз біреу айдап әкеткен.
Күдікті «ВАЗ 21214» маркалы автокөлікті ішінде тұрған кілтімен от алдырып, көршілес ауылға дейін жетіп алмақ болған.
Шыңғырлау аудандық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауданның 34 жастағы тұрғыны ұсталды.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сондай-ақ күдіктінің өзге де ұрлық ісіне қатысының бар, жоқтығы тексеріліп жатыр.
zhaikpress.kz