4.11.2023, 11:25
Оқылды: 49

БҚО-да көлікді мас күйінде басқару азаяр емес 

Батыс Қазақстан облысының полицейлері жүргізуші куәлігінсіз мас халде көлік басқарған тұрғындарды ұстады.

sot130420-13Фото дереккөзі: zh-shugylasy.kz

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп тұрады.

Осындай кезекті рейдтік іс-шаралар барысында қала көшелерін патрульдеп келе жатып, «Променад» сауда үйінің жанында күдік туғызған “Hyundai Accent“ маркалы автокөлікті тоқтатады.

Автокөлік иесінің құжаттарын тексере келе, оның Орал қаласының 1994ж.т. тұрғыны екені, жүргізушінің мас халде және құжатсыз екендігін анықталды. Белгілі болғандай жүргізуші 24.09.2021ж. өмір бойына көлік айдау құқығынан айырылған. Ол сол кездегі әрекетінен сабақ алмай, жүргізілген медициналық зерттеудің қорытындысына сәйкес есірткіге мас күйінде көлік басқарғаны анықталып, тағы да қайталап отыр.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес “Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру“ бойынша тіркелді.

Сондай-ақ, қазанның 26 күні сағат кешкі 21:40 кезінде 1965ж.т. жүргізуші «Hyundai Accent» маркілі автокөлігін басқара отырып, Орал қаласындағы Құрманғазы көшесінің бойында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, кәмелетке толмаған 2010 ж.т. жаяу жүргіншіні қағып кетуге жол берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, бұл дерек те сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес «орта дәрежедегі мас күйі жағдайында» болғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-1 бабы 1-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Негізінде жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өміріне қауіпті болмақ!

БҚО ПД баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале