Бүгін Оралда коммуналдық сала қызметкерлеріне жаңа техника берілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы - ең күрделі және жауапты салалардың бірі. Облысымыздағы коммуналдық саладағы апаттарға жедел ден қою және оларды қайта қалпына келтіру мақсатында жаңа техниканың кілті табысталды.
Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев те қатысты.
– Мемлекет Басшысының электр желілерін жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында «Батыс Қазақстан аймақтық электр жүйелер компаниясы» үшін 58 техника сатып алынды. Оның ішінде бүгін 20 техника облысымыздың аудандарына жіберіледі. Бүгінде коммуналдық қызмет саласын дамыту үшін мемлекет коммуналдық шаруашылықтар мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға барынша көңіл бөлініп жатыр. Бірінші кезекте арнайы техниканың құрамы жаңартылды. Осы бағытқа жергілікті бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаржы бөлінді, - деген Нариман Төреғалиұлы техника кілтін табыстады.
Марзия Зеин
Фото авторы: Мади Салық
zhaikpress.kz